Министр Сапаров журналистерден сөз естіп қалды

Сағыныш Сардарова 24 мау. 2024 15:20 2894

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырсынан кейін БАҚ өкілдерінен ескерту алып қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Журналист тиісті ведоство басшысына шегіртке мен ақбөкеннен келген шығын туралы сұрақ қойған. БАҚ өкілі шегіртке биыл егінге қаншалық шығын келтіргенін анықтамақ болған.

"Шегіртке мен киіктерді салыстырмайықшы. Себебі екеуі бөлек. Әзірше шегірткеден шығын келген жоқ. Егер шығын келсе... Алло, рұқсат па?" - дейді министр.

Ыңғайсыз жауап берген шенеунікке журналистер ескерту де жасаған.

"Неге өзіңізді бұлай ұстайсыз?" - деді БАҚ өкілдерінің бірі.

"Мен өз адамдарыма айтып жатырмын. Сізге айтқан жоқпын. Кешірім сұраймын", - деп ақталды Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Сапаров 2023 жылғы 4 қыркүйектегі ҚР Президентінің жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар