Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мәжіліс ғимаратына келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Президенттің жолдауына дейін Мәжіліс ғимаратына келді.
Өткен аптада сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиев ұсталғаны туралы қауесет тараған еді. Артынша ресми органдар мәлімдеме жасап, бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді.
"ҚР Сыртқы істер министрі ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.
Мемлекет басшысының жолдауы республикалық телеарналарда, сондай-ақ, Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.