Министр мешітке аяқ киіммен кірмегенін айтты

Dalanews 15 сәу. 2017 03:14 977

«Мешітте аяқ киімін шешпей жүр» деп сынға қалған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі тағылған айыптардың бәрі жалған деп отыр. Нұрлан Ермекбаев сол себепті мұндай ақпараттарды құлағыма ілмейтінін айтты, деп хабарлайды 31 арна.

Өз кезегінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев:
– Ол – жалған ақпарат! Мен оған ешқандай да түсініктеме бергім де келмейді. Жалған сөздерге түсініктеме бермеймін мен.

– Суреттегі сонда аяғыңызда...
– Мен ондай суреттерді көрген жоқпын. Ондай мақаланы немесе комментарийді оқыған да жоқпын. Оған уақытым жоқ.

Осылайша министр қандай аяқ киім кигенін нақтылағысы келмеді. Дау - осы суреттен басталған-ды. Бір қарағанда Мүфти бастаған діни қызметкерлермен бірге жүрген сәт бейнеленген сияқты. Алайда, желі қолданушылары министрдің аяқ киімін шешпегенін айтып, жарыса жазып жатты. Біреулері, қасындағы кісілердікіндей арнайы мешіт ішінде киетін кебіс деп араша түспек болды. Шенеунікті сынаушылар болса, ондай кебістердің артқы жағы жоқ болғандықтан, аяғы көтерілгенде табаны салбырап тұруы керек еді деген уәждерін алға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар