Министр Балаева шенеуніктердің ұсталғанын жоққа шығарды

Министр Балаева шенеуніктердің ұсталғанын жоққа шығарды
Коллаж: Dalanews.kz
Министр Аида Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр Аида Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталғаны туралы расталмаған ақпарат таратылуда.

"Ақпараттың шынайылығын тексеру міндеті, кінәсіздік презумпциясы қағидасы, сондай-ақ журналистік этика бар екенін есте сақтау қажет. "Хайп" қуып, көбіне расталмаған деректерге жүгінген кезде журналистер мұндай ақпараттың азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян келтіруі мүмкін екенін, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан тигізетінін, шын мәнінде жала болып табылатынын ұмытпауы тиіс", - дейді министр.

Ол кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауы тиіс міндеттерді ұстануға шақырып, сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Айта кетейік, телеграмда сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.