Мұхтар Тайжан: "Экономикалық реформалар орталығын басқаруға мен әзірмін"

Dalanews 24 қаң. 2020 10:56 891

Тайжан осы орталыққа қоғамдық негізде жетекшілік етіп, реформаларды шынайы жүргізуге дайынмын дейді.




Cаясаткер Мұхтар Тайжан елімізде құрылатын Экономикалық реформалар орталығын басқаруға әзір екенін айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында президент Тоқаев Экономикалық реформалар орталығын құруды тапсырды.  Тайжан осы орталыққа қоғамдық негізде жетекшілік етіп, реформаларды шынайы жүргізуге дайынмын дейді.

"Тоқаев Экономикалық реформалар орталығын құруды тапсырған екен. Қазақстан экономикасын реформалау менің студенттік кезден бергі арманым.

Біз еліміздегі экономикалық ахуалды 1,5 жылдың ішінде өзгерте аламыз. 


Егер бұл қолымыздан келмесе, мен бұдан кейін ешқашан экономикалық саясаттың маңына жоламаймын", – дейді Тайжан.

Оның айтуынша қазіргі шенеуніктер ел экономикасын шын мәнінде реформалай алмайды. Себебі елді тығырыққа тіреп, бүгінгі жағдайда түсірген дәл осы шенеуніктер.

"Осы жылдар ішінде олар (шенділер ред.) әбден былыққа батты. Көпшілігі коррупциямен ауыз жаласып, абыройын жоғалтты. Олар өздерінің қанына сіңген дағдыдан аттап кете алмайды. Белгілі бір топтың сойылын соғатындар еліміздің дамуын тежеп отыр.

Тоқ етерін айтқанда мен Тоқаев айтқан Экономикалық реформалар орталығын басқаруға әзірмін", – деді Тайжан.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент алдағы мамыр айында реформалар бағдарламасын әзірлеуді әрі осы реформаларды сүзгіден өткізетін орталық құруды тапсырды.

Орталыққа мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейді, ол қоғамдық негізде жұмыс істейтін болады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар