Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Мұрат Ергешбаев бұған дейін Қызылорда қаласының, Қазалы, Сырдария аудандарының әкімі қызметін атқарған. 2023 жылғы наурыздан бастап Мәжіліс депутаты болды.