Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер қателігі үшін тізерлеп кешірім сұрады

Қаракөз Амантай 05 қаз. 2024 20:09 3685

Қазақстандық жас блогер Әлішер Теменов Мұқағали Мақатаевқа қатысты айтқан сөздері үшін ақыннның ескерткіші алдында тізерлеп, барша қазақ халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл сәтті ол Instagram-дағы Stories бөлімінде жариялаған.

“Жастықтың буымен, 25 жастағы ісіммен өзімді ғана емес, әйелім мен төрт айлық қызымды да ұмытып кетіппін. Кешегі жасаған қателігім үшін бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын”, – деп жазды.

Осылайша Теменов өз әрекетін “ақымақтық” деп мойындап, Instagram мен TikTok парақшаларын өшіретінін мәлімдеді.

Даулы видеоның мазмұны

Бұған дейін блогер өзін рилсмейкер ретінде таныстырып, Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген видео жариялаған еді. Онда ол ақынның өлеңдерін келемеждеп, ар-намысына тиетін сөздер айтқан болатын. Бұл видео көпшіліктің ашу-ызасын тудырып, жаппай сынға ұшырады.

"Мұқағали Мақатаев жалпы “жаловаться” ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. “Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай” дейді. “Ей, сен бл… (боқауыз сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой. “Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай” дейді. Причем тут, құдай? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой. Не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен үйді қашан береді деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің, – деген болатын блогер. 

Видеоға қоғамның реакциясы

Теменовтің бұл даулы видеосы әлеуметтік желіде таралғаннан кейін, халықтың наразылығын тудырды. Осылайша, әлемжеліде көпшіліктің сынына ұшырағаннан кейін ол аталмыш видеоны өшіріп тастады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар