Цифрлық даму вице-министрі жаңадан тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 22 қар. 2024 13:31 137

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы 22 қарашада Үкіметтің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

1991 жылы Астана қаласында дүниеге келген.  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универститетін бітірген. 

Еңбек жолын 2014 жылы Астана қ. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығында сарапшы болып бастаған. 

Әртүрлі жылдары "Қазпошта" АҚ менеджері, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау жұмыс және құқықтық реттеу басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

2019-2020 жылдары — "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ департаментінде инженер-бағдарламашы.

2020-2023 жылдары — "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Big Data жөніндегі басқарушы директор. 

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қаласындағы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар