Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылға арналған жылжымайтын мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Салық төлеушілер шілде айынан бастап тиісті хабарламаларды алады. Сонымен қатар, мобильді қосымша пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар таратыла бастады.
Комитет мәліметінше, 2025 жылдың 2 қазанынан бастап салықты уақытында төлемеген азаматтарға берешек туралы ресми хабарламалар жолданады.
Салықты e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы, банктердің онлайн сервистері, egov.kz порталы, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.