Мүгедектігі бар балалардың есебінен баюды көздеген адам сотталды

Мүгедектігі бар балалардың есебінен баюды көздеген адам сотталды
ашық дереккөз

Мүгедектігі бар балалардың есебінен байуды көздеген адам сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот үкімімен елдің әртүрлі аймақтарынан 5 тұрғынды алдаған алаяқ сотталды.

Ер адам "Біздің балаларға арбалар" деп аталатын "What's App" мессенджер тобына мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пайдаланылған кресло-арбаларды сату туралы ақпарат таратқан.

Жәбірленушілер хабарландыруға назар аударып, кресло-арбаларды пошта арқылы жіберуге уәде берген алаяқтың картасына 40-тан 114 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Кінәні мойындау, шын жүректен өкіну және зиянды өтеу сияқты жеңілдететін мәң-жайларды ескере отырып сот үкімімен ер адамға пробациялық бақылау белгілеп, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.