Freedom Inside '26

Мұғалімді балағаттағаны үшін мектептен қуылған оқушының тағдыры қалай шешілді?

Мұғалімді балағаттағаны үшін мектептен қуылған оқушының тағдыры қалай шешілді?
Фото: Видеодан кадр/nis.edu.kz/jasqazaq.kz

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінен шығарылған жоғары сынып оқушысы №8 мектеп-гимназияға қабылданды. Бұл туралы Алматы білім басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, оқушы №8 мектеп-гимназияға тұрғылықты мекенжайы бойынша қабылданып, бүгін алғашқы емтиханын тапсырып жатыр.

"Ол 11-сыныпқа қабылданды, бүгін алғашқы емтиханын тапсырып жатыр. Барлық емтиханды аяқтаған соң, аттестат алып, мектепті бітіреді", – деді басқарма өкілдері.

Кейін қоғам белсендісі Аида Бұқаева оқушының денсаулығы күрт нашарлағанын хабарлады.

"Сұңқардың денесі тырысып, жүйкесі сыр берді, қызуы төмендеді. 21-інен бері тамақ ішпеген. Қазір жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп жатыр. Бүгінге дейін ол ертең емтихан тапсыруға рұқсат беріледі деп ойлаған еді. Бірақ болмайтынын білгенде, жағдайы нашарлап кетті", – деді ол.

Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан оқушының ауруханаға жеткізілгенін растады және оның әкесімен келіссөздер жүргізілгенін айтты.

Ал Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі ресми мәлімдеме жасап, педагогтарға құрметпен қарау маңызды екенін, дегенмен оқушыларға қатысты адамгершілік тұрғыдағы көзқарасты ұстану қажеттігін атап өтті.

Министрлік оқушының өз қателігін түсінгенін де мәлім етті.