"Мойындамаймын!" Бишімбаев ашық сот өткізуді сұрады

"Мойындамаймын!" Бишімбаев ашық сот өткізуді сұрады
Экс-министр, өзінің жарын өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев бүгінгі сот отырысында тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Экс-министр, өзінің жарын өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев бүгінгі сот отырысында тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мен айыптаудың мәнін жан-жақты түсіндім. Алайда, тағылған айыпты мойындамаймын", – деді күдікті сот залында.

Бұрынңғы шенеунік, сонымен қатар Астана сотынан алқа билер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық сот өткізуді сұрады.

Айта кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Басқосуда прокурор экс-министрге қатысты қылмыстық істің мән-жайын баяндап берді.

Ал оның адвокаттары істі қайтадан сотқа дейінгі тергеу деңгейіне қайтаруды талап етеді.