Мексика президенті Клаудия Шейнбаумға қарсы өткен наразылық акциясына мыңдаған адам қатысуда. Митинг кезінде болған қақтығыстар салдарынан кемінде 120 адам жарақат алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
The Guardian хабарлауынша, демонстрацияны бастапқыда «зумер» ұрпағының өкілдері ұйымдастырған. Алайда олардың бастамасын кейін егде буын мен оппозициялық партиялар да қолдаған.
Мехиконың қауіпсіздік қызметі акция бірнеше сағат бойы бейбіт өткенін, алайда бетперде тағып және басын бүркеп алған белгісіз бір топ арандатуды бастағаннан кейін жағдай шиеленіскенін мәлімдеді.
Артынша наразылар топ қоршауларды бұзуға кірісіп кеткен. Ал полиция көз жасаурататын газ шашып, өрт сөндіргіштер су атқылаған.
The Guardian атап өткендей, Шейнбаум елде 2024 жылдың қазанынан бері президент қызметін атқарып келеді және халықтың 70%-ының қолдауына ие. Дегенмен соңғы уақытта елде болған бірқатар резонансты кісі өлімдеріне байланысты сынға ұшырап жүр.
