Прокуратура «Метрополитен» мекемесінің бұрынғы басшыларымен бірге жер асты жолын салуға қатысқан «Алматыметроқұрылыс» және «Автоматизация және Технологии-Сервис» мекеме басшылары мемлекеттің 5 млрд теңгесін талан-таражға салғанын анықтады.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Алматы метросының жаңа бағытын салу кезінде сыбайластар бір күндік мекемелер құрып, метроға қажетті жабдықтарды шамадан тыс бағаға сатып алған.
Құқық қорғау органдары олардың құрал-жабдықтарды нарықтағы бағадан 10 есе қымбат бағаға сатып алғанын анықтады.
Қазіргі таңда мемлекеттің қолды болған қыруар қаржысын қайтару үшін прокуратура істі болғандардың қымбат үш пәтерін, Алматы қаласындағы кеңсе ғимаратын, Алматы облысы аумағындағы жер телімін, қымбат көліктері мен сағаттарын және өзге де активтері бұғаттағандарын алға тартты.