Анар Мешімбаева өкілеттігін теріс пайдаланды және ұрлады деген айыппен жеті жылға сотталғаны белгілі.
Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық соты Анар Мешімбаеваны жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде бостау туралы сотталушының өтінішін қарады. Өз кезегінде сот өкілдері Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының қаулысымен 558 миллион 249 мың 409 теңге көлемінде келтірілген шығынның өтелмегеніне байланысты сотталушының жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде бостау туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырған. Анар Мешімбаеваға үкім 2014 жылғы 14 ақпанда шығарылды.