«Болашақтың» түлегі
Бұл қаланы Бауыржан Байбек жақсы біледі. Ол осы қалада туып-өскен, мектепті осында бітірген. Әке-шешесі қарапайым қызметтер атқарған ол жастайынан зерек, қағілез болып өсті дейді білетіндер. Әсіресе, оның достары бала кезден ашық-жарқын, кішіпейіл, ұйымдастыру қабілеті жоғары болғандығын айтады. Әуелгі мамандығы музыкант болған ол, «Болашақ» бағдарламасы аясында неміс тілі және педагог деген қос бірдей мамандықты бітіріп, шетелдегі елшілікте қызмет атқарған. Одан соң он жылдан астам ҚР Президенті Әкімшілігінде Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысынан әкімшілік жетекшісінің орынбасарына дейін көтерілді.
Алматы шаһарының бүге-шігесін бес саусағындай білетін оның туған қаласында қандай өзекті мәселелер барлығын да жете түсінетіні анық. Бауыржан Қыдырғалиұлының балалық шағы өткен Алматы мен бүгінгі Алматы жер мен көктей. Кезінде әр қазақтың арман-аңсары болған сұлу шаһар Тәуелсіздік тұсында астана мәртебесінен айырылғанымен, мәдени-рухани орталық ретінде оның даңқы еш аласарған жоқ. Тек, Алматының экологиясы, даму әлеуеті мен бағытында едәуір өзгеріс болды. Ішкі көші-қон себебінен қала әлденеше есеге үлкейді. Соған сай бұрынғы жинақылығынан, тазалығынан, сұлу қалпынан ажырап бара жатқаны жасырын емес. Бұл өзі осы қалада өскен әкім үшін ойландырарлық жағдай болары даусыз.
Жас әкім бұл бағыттағы жұмыстарды бақылауға алып, жемқорлық әрекеттерге ұрындырмай, ойдағыдай өткізсе, үлкен саясаттағы жол кеңейіп, мерейі арта түседі. Алматыны дамыту – тұтас елдің негізін жүйелеу, болашақ игі бастамаларға жол ашу. Қаладағы кептелісті азайтып, тазалық пен экологиясын жақсартуға мән берсе, Байбек мырза елдің ықыласына бөлене түспек. Әсіресе, қала шетінде ығы-жығы орналасқан елдімекендердің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін тезірек шешіп, қаланың көркін кіргізуге құлшыну – негізгі жұмыс бағыты болуға тиіс.
«Болашақ» бағдарламасының әу бастағы мақсат-мұраты елдегі озық ойлы жастарды шетелден оқытып, әр салада шыңдалған мықты мамандар даярлап, мемлекеттік құрылымның жетілуіне, экономиканың нығаюына белсене араластыру болатын. Бүгінде экономика мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеп жатқан «Болашақ» түлектері қырықтың қырқасына шығып, ел басқарып, ірі компанияларға жетекшілік жасауға жарады. Батыстан кемел білім алған олар түрлі салада қызмет атқарып, бәйге атындай әбден жарады десек, артық айтқандық болмас еді. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өздерінің қабілет-қарымымен көзге түскен азаматтарға сенім арта бастады. «Болашақтықтар» арасында билікке бірінші болып Бауыржан Байбек қадам басқаны белгілі. Сонымен қатар «Бәйтерек» ұлттық холдингінің төрағасы Қуандық Бишімбаев та ел сенімін ақтап жүр. Қуандық Бишімбаев ірі компанияларды тізгіндесе, Бауыржан Байбек соңғы жылдары еліміздегі саяси салмағы зор тұлғалардың бел ортасынан ойып тұрып орын алды. Осы ретте саясат сахнасындағы салмақтылық жаспен емес, нақты іспен өлшенетінін аңғарасың.
Алматыны басқару оңай емес...
Астана мемлекеттік құрылымның орталығы болса, Алматы еліміздегі саяси жүйенің өсі. Мұндағы халықтың саяси көзқарасы әбден жетілген. Биліктің әрбір көңілге қонбайтын іс-әрекетіне қарсы Алматыда реакция пайда болатыны жасырын емес. Әсіресе қазіргідей ғалымдық қаржы-экономикалық дағдарыс алқымнан алған тұста саяси пікірлердің сан алуан таласы қыза түседі. Осындай саяси-экономикалық мәні бар ірі мегаполисті шашау шығармай басқару кез келгеннің қолынан келе бермеуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда «Болашақтың» серкесі Бауыржан Байбекті алда үлкен сынақтар күтіп тұрғанын байқайсың.
Үлкен қаланың проблемасы да үлкен. Су тоқтап, уақытында жылу берілмей қалса, ең әуелі әкімшілікті сын садағына іліктірер қырағы топтар көп. Бірақ экономикалық қуаты жағынан еліміздегі аймақтар арасында топ бастайтын нән шаһардың мұндай төтенше оқиғалардың алдын алып, күні бұрын шешіп тастайтынына экономикалық қауқары толықтай жетеді. Сондықтан қаланың коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселелер жас саясаткердің адымды жүрісіне кедергі келтіре қоймауы керек. Осыған дейін Алматыны кеңестік дәуір кезінде биліктің бишігінен шыққан азаматтар тізгіндеп келді. Ал әсем қаламыз болса, күн санап әлеуметтік құрылымдары күрделеніп, жыл санап өсіп келеді. Осы бір табиғи даму Еуропада білім алып, еуропалық қалада бірнеше жылдар тұрған азаматтың ой-пайымымен үйлесімді дамуы мүмкін. Алматының мұндай биікке көтерілуіне әлеуеті толықтай жетеді. Қала дамуының нұсқаушысы бұл бағытқа баса мән береріне сенімдіміз. Бауыржан Байбек Алматыны Еуропадағы әсем шаһарлардың қатарына қосуға күш салар деген үміт мол. Қала шаруашылығын дамытуға қатысты жұмыстар Бауыржан Байбектің жаңа қырынан танылып, болашақ істер үшін мол тәжірибе жинауына септеседі.
Үлкен қаланың проблемасы да үлкен. Су тоқтап, уақытында жылу берілмей қалса, ең әуелі әкімшілікті сын садағына іліктірер қырағы топтар көп. Бірақ экономикалық қуаты жағынан еліміздегі аймақтар арасында топ бастайтын нән шаһардың мұндай төтенше оқиғалардың алдын алып, күні бұрын шешіп тастайтынына экономикалық қауқары толықтай жетеді. Сондықтан қаланың коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселелер жас саясаткердің адымды жүрісіне кедергі келтіре қоймауы керек. Осыған дейін Алматыны кеңестік дәуір кезінде биліктің бишігінен шыққан азаматтар тізгіндеп келді. Ал әсем қаламыз болса, күн санап әлеуметтік құрылымдары күрделеніп, жыл санап өсіп келеді. Осы бір табиғи даму Еуропада білім алып, еуропалық қалада бірнеше жылдар тұрған азаматтың ой-пайымымен үйлесімді дамуы мүмкін.
Бауыржан Байбектің Алматыға әкім болып тағайындалғанын қабылдай алмайтын топтар оның шаруашылық істермен айналыспағанын алға тарта беретінін білеміз. Ел экономикасының күре тамырына айналған Алматы шаруашылығын дұрыс басқарсаң, өздігімен алға басып дөңгелей беретінін ұмытпауымыз керек. Алматыны басқарған Иманғали Тасмағанбетовтың мамандығы шаруашылыққа соншалықты қатысы болмаса да өзінің саяси сұңғылалығының арқасында алып мегаполисті ойдағыдай басқарды. Алып қаланың осындай ерекшеліктерін ескерсек, Алматыда нөмірі бірінші мәселе идеология екенін байқау қиын емес. Алдағы уақытта бұл критерий еш өзгеріссіз қалатыны анық. Ал Алматының жаңа әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды оңды атқаруға қамшы салдырмас деп сенеміз. Оған тәжірибесі жеткілікті.
Алматыны дамыту да оңай емес...
Саяси аренада күн санап беделі өсіп келе жатқан Бауыржан Байбекті Алматы қаласы әкімі ретінде үлкен екі шара күтіп тұр. Біріншісі, көпшілік әңгіме қылып жүрген Парламент сайлауы. Екіншісі, 2017 жылы өтетін Универсиада. Алда болатын ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы еліміз үшін ең маңызды саяси шара болмақ. Бұл додада қала бойынша билік партиясы «Нұр Отанның» шылбыр-тізгінін ұстайтын Бауыржан Байбек өзін көрсетуге толықтай мүмкіндік алады. Барша Қазақстан асыға күтіп отырған Универсиаданы жоғары деңгейде ұйымдастыру Бауыржан Байбектің саяси салмағын арттырып, халықтың ыстық ықыласына бөленуіне кеңінен жол ашатын үлкен мүмкіндік екенін ұмытпауымыз керек. Халықаралық мәні зор шараны шашау шығармай өткізу Бауыржан Байбектің әкімдік қызметіндегі ең сәулелі сәттерінің бірі болып қалатыны сөзсіз. Сондықтан жас әкім бұл бағыттағы жұмыстарды бақылауға алып, жемқорлық әрекеттерге ұрындырмай, ойдағыдай өткізсе, үлкен саясаттағы жол кеңейіп, мерейі арта түседі. Алматыны дамыту – тұтас елдің негізін жүйелеу, болашақ игі бастамаларға жол ашу. Қаладағы кептелісті азайтып, тазалық пен экологиясын жақсартуға мән берсе, Байбек мырза елдің ықыласына бөлене түспек. Әсіресе, қала шетінде ығы-жығы орналасқан елдімекендердің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін тезірек шешіп, қаланың көркін кіргізуге құлшыну – негізгі жұмыс бағыты болуға тиіс.
Қала ауажайылып кетті. Жинақылық, реттілік жоқ. Соны бір ізге түсіріп, архитектуралық әсемдігіне айрықша мән берген жөн-ақ.
Болашақтың үміті
Бауыржан Байбек Елбасы сенім артқан санаулы кадрлардың бірі. Оның өмір жолына назар аударған адам жас саясаткердің ешқандай саяси топтың сойылын соқпай, мемлекет мүддесі үшін жұмыс жасайтынын байқайды. Ол ұзақ жыл Президент Әкімшілігінде Елбасы сеніміне кіріп, өзінің болашақтағы бағыт-бағдарын айқындаған кәнігі саясаткердің қатарына қосылды. Сондықтан Байбектің саясат сахнасындағы премьерасы енді басталды десек болады. Бұл ретте қырығында қамал алып, Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы қызметін тізгіндеген Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы еріксіз есімізге түседі. Кейбір сарапшылар болашақ ел Президентінен үміткерлердің қатарына осы Бауыржан Қыдырғалиұлын да қосады...
Кейбір кісілер Б. Байбектің өзіне жүктелген жұмысты шашау шығармай атқаратынын айтады. Тіпті, ол кез келген шаруаны жарнамасыз-ақ жасап үлгіретініне таңырқасып та жатады. Мұндай ерекшелік көп саясаткердің бойынан табыла бермейтіні де шын.
Нұрлан Жұмахан