Қазіргі кезде университетте 13 факультет қызмет атқарады. Әрқайсысында жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған оқытушылар мен профессорлер білім беруде. Әр факультеттің өзіндік орны мен тарихы бар, бірі екіншісінің орнын баса алмайды және факультеттердің түлеп шыққан түлектері еліміздің әр саласында, шетелдерде қайталанбас маман иелері болып қызмет атқарады. Сонымен қатар негізгі факультеттерден басқа дайындық факультетінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шетел азаматтары мемлекеттік тіліміз қазақ тілін уйрену үстінде. Олардың араларында ауған азаматтары, қытайлар, корейлер, түріктер және шетелдерде тұратын өзіміздің қандас бауырларымыз, яғни қазақтар да бар. Осының есебінен біз студенттер шетел азаматтарымен танысып, басқа елдердің мәдениетін танып біліп, оларға өзіміздің елімізді танытамыз. Шығыс тілдерін уйреніп жүрген біздерге, бұл керемет тәжірибе деуге болады. Себебі, олар бізге, біз оларға көмек көрсетеміз. Бұл жайт ҚазҰУ-нің керемет мүмкіндіктерінің бірі болып есептеледі.
Мектеп қабырғасын «Алтын белгімен» бітіргенімде менің алдымда үлкен таңдау тұрды.Ол – мамандық таңдау. Демек,сол мамандықты меңгеріп шығатын университетті таңдау. Көп толғанып, көп ойландым. Ойлана келе ҚазҰУ-ға жететін университет жоқ екеніне көзім жетті. Содан мен, шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының грант иегері атандым. Қазіргі кезде қытай тілі мен шығыс елдерінің тарихын оқу үстіндемін. Факультетіміздің әлемнің басқа университеттерімен байланысы өте жақсы дамыған. Факультет оқытушылары мен студенттері тілдік және ғылыми практикадан өтетін университеттер Үндістанда, Қытайда, Кореяда, Түркияда, Египетте бар.
Университеттің білімі туралы барлығымыз хабардар болдық, енді университеттің студенттік өмірі жайлы айтатын сөз де аз емес. ҚазҰУ қабырғасында әртүрлі ұйымдар жұмыс істейді. Мысалы: «Студенттер сенаты», «Сұңқар» ұйымы, «Көмек» ұйымы т.б.. Бұл ұйымдардың әрқайсысының өзіндік жұмысы мен қызметі бар. Ұйымдар студенттер үшін оқудан тыс қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал тигізеді.
Оқу жылы ішінде университетімізде әр түрлі сайыстар және кештер өтеді. Олардың ең бастылары: «Ана тілі аруы» мен «Жігіт сұлтаны». Бұл республикалық деңгейдегі сайыстар болып табылады. Жалпы айтатын болсақ, ҚазҰУ студенттерінің өмірі қызыққа толы да әсерлі. Әр студенттің жадында қалар мәңгі естеліктер десек қателеспейміз.
Қорытындылай келе, осы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, шығыстану факультетінің, қытайтану кафедрасының студенті болғаныма еш өкінбеймін, керісінше мақтан тұтамын.
Қайрат Айдана, Шығыстану факультетінің 3 курс студенті
Шарыпқазы Нұртәліп, Шығыстану факультетінің оқытушысы