Бүгін Қонаев қалалық әкімдігінің бөлімдері мемлекеттік қызметтер бойынша 100-ден аса тұрғынға консультациялық көмек көрсетті. Аталған шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Қазіргі таңда республика бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ» атты науқан өтіп жатыр. Науқан барысында тұрғындарды мазалаған кез келген сұрақтарға жауап беріледі. Шара негізінен халық көп шоғырланатын нысандарда, аумақтарда ұйымдастырылуда», – деді Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт.
Бүгін кеңес алуға келген адамдардың көбі жұмыспен қамту, ТҮКШ, жер қатынастары саласы бойынша сұрақтар қойды.