Мемлекет тұтастығы үшін жұдырықтай жұмыламыз – AMANAT үміткері

Dalanews 13 нау. 2023 11:14 841

Бүгін ШҚО, Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылында Шығыс Қазақстан облысы Мәслихатына үміткер Сайрангүл Жұмаділова әйелдер кеңесімен және мәдениет саласының өкілдерімен кездесу өткізіп, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үміткер Сайрангүл Жұмаділова жиналған қауымға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, ұлттық құндылықтар туралы көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

– Біз мемлекет тұтастығын, бірлік пен игі іске жұдырықтай жұмылуды белсенді азаматтық қоғамның басымдығы мен көрсеткіші деп санаймыз. Сондықтан ұлтына, сеніміне, тіліне, жынысына немесе материалдық жағдайына қарамастан, әр азаматтың мүддесін ескереміз. Елімізде ана тілі мен ұлттық мәдениетті қолдау және дамыту құқығына ешкім ешқашан нұқсан келтірмейді, – деді Сайрангүл Жұмаділова.


Дамыған мәдениет ұлттың рухани бірлігінің негізі болуы шарт. Сондықтан «AMANAT» партиясы мәдениет саласына барынша қолдап келеді.

– Біз жыл сайын театр, кітапхана, коммуникация, білім беру және демалыс орталықтарын қоса алғанда, 300-ге жуық мәдениет нысанын саламыз және жаңғыртамыз. Мәдениет, мұрағат пен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артатын болады. «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тәрбие беру тұжырымдамасы енгізіледі, – деп Сайрангүл Жұмаділова көпшілік алдында ойын ортаға салды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар