Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамын бекітті

Кәмшат Тілеухан 04 қаз. 2024 16:42 5924

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 1 қазандағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы бекітілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлардың дербес кеңесіне:

Қазақстан тарапынан:

Олжас Бектенов  - ҚР Премьер-министрі;

Тимур Сүлейменов - ҚР Ұлттық банктің төрағасы;

Роман Скляр – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары;

Мұрат Нұртілеу - ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі;

Серік Жұманғарин - ҚР Премьер-министрінің орынбасары;

Ғалымжан Қойшыбаев  - ҚР Премьер-министрдің орынбасары-ҚР Үкіметі Аппаратының басшысы;

Нұрлан Байбазаров - ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі;

Қанат Бозымбаев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;

Марат Қарабаев - ҚР Көлік министрі;

Мәди Тақиев - ҚР Қаржы министрі;

Қанат Шарлапаев - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі;

Ерұлан Жамаубаев - ҚР Президентінің кеңесшісі;

Ғабидолла Оспанқұлов  - ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы;

Рустам Қарағойшин - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының төрағасы.

Шетелдіктер тарапынан:

Гари Нейгл - "Glencore" компаниясының бас атқарушы директоры;

Терраз Николя - "TotalEnergies Exploration and Production Branch" компаниясының президенті, "Totalenergies" концернінің атқарушы комитетінің мүшесі;

Бхаргав Дасгупта - Азия даму банкінің Нарықтық қатынастар жөніндегі вице-президенті;

Уаэл Сауан - "Shell Р1с" бас атқарушы директоры;

Витторио Грилли – "JPMorgan Chase International" Еуропа – Таяу Шығыс - Африка аймағы бойынша Консультативтік кеңесінің төрағасы;

Найджел Хирн - "Chevron Corporation" корпорациясының Мұнай өнімдері және газ жөніндегі атқарушы вице-президенті;

Дэвид Ливингстон – "Citi" компаниясының "Еуропа – Таяу Шығыс - Африка" аймағы бойынша бас атқарушы директоры;

Кирсти Хелен Уилсон – "Baker McKenzie" жаһандық атқару комитетінің мүшесі, "Baker McKenzie International" Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары;

Ежи Старак - "Polpharma S. A." тобының Бақылау кеңесінің төрағасы;

Иан Коулберн - "Deloitte" компаниясының ТМД бойынша бас директоры;

Акира Теракава - аға атқарушы вице-президент, "Marubeni Corporation" директорлар кеңесінің мүшесі;

Борислав Иванов-Бланкенбург - "Deutsche Bank-тің" Шығыс Еуропа бойынша бас атқарушы директоры, Таяу шет елдердегі "Deutsche Bank-тің» Жаһандық сауда қаржыландыру және несиелеу бөлімінің басшысы (келісім бойынша);

Тецуя Шинохара - "Mitsubishi Corporation" корпорациясының Жаһандық стратегия және үйлестіру департаментінің аға вице-президенті, бас директоры;

Клаудио Дескальци - "Eni S. p.A." компаниясының бас атқарушы директоры;

Марко Мариотти - Philip Morris International-дың Шығыс Еуропа аймағы бойынша президенті;

Ибрагимов Шухрат Алиджанович - "ERG Sari" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы;

Нил Чапман - "ExxonMobil" корпорациясының аға вице-президенті;

 Уве Кнотцер - "Knauf International GmbH" компаниясының бас директоры, "Gebr. Knauf Group-тың» басты серіктесі;

Одиль Рено-Бассо - Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті;

Подгузов Николай Радиевич – Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы;

Рафаэль Гассет - "Metro AG" басқармасының мүшесі;

Бела Ференци - Ресейдегі/ТМД-дағы "GE" Президенті;

Тимоти Скот Гитцель - "Cameco Corporation" корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры;

Тунджай Өзілхан – "Anadolu Group" Басқармасының төрағасы;

Мунехиро Хосоно - "INPEX North Caspian Sea Ltd" президенті және уәкілетті директоры;

Феттах Таминдже - "Sembol" компаниясының президенті;

Джули Линн Тигланд - "ЕY" жаһандық серіктесі, "ЕY" (Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан және Африка) кеңселерінің басшысы;

 Хуан Юнчжан - "Petro China Company Ltd" Президенті, "CNPC" Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының вице-президенті;

Несис Виталий Натанович – " Solidcore  Resources рlс" бас атқарушы директоры;

Воробьев Вадим Николаевич - "Лукойл" АҚ президенті;

Каан Терзиоғлы - "VEON Ltd" тобының бас атқарушы директоры;

Антонелла Бассани - Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті.

Кеңес бақылаушылары:

Адам Красон - "PwC"-ның Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі бас атқарушы директоры;

Билл Томас - "KPMG International" компаниясының Жаһандық төрағасы және бас директоры;

Жаков Франсуа - "Air Liquide" компаниясының атқарушы вице-президенті және атқару комитетінің мүшесі;

Симонс Мишель - "Microsoft" компаниясының Орталық және Шығыс Еуропадағы «Multi-Country" бөлімшесінің басшысы (келісім бойынша);

Симонелли Лоренцо - "Baker Hughes" компаниясының Басқарма төрағасы, президенті және бас атқарушы директоры;

Делеони Эндрю - "Alstom" компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтары бойынша президенті;

Рафаэль Сантана - "Wabtec" корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар