Мектепте қандай пәндер алынып тасталуы мүмкін?

Сағыныш Сардарова 30 қаз. 2024 16:01 3460

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "мектептен кейбір пәндер алынып тастала ма?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.

Қоғамда ата-аналар, кәсіби педагогтар ортасы да мектепте кейбір пәндер алынып тасталуы керек деген пікірді айтады. Бұл сауалға  министрдің өзі жауап берді.

"Ата-аналар артық деп санайды екен деп, кейбір пәндер алынып тасталмайды. Бірден айтайын. Қазір ғалымдар, мамандар талқылап жатыр. Өйткені жалпы баланың негізгі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы үшін баланың жан-жақты білімді болуы маңызды. Сондықтан бұл жерде үлкен ғылыми көзқараспен келуі керек деп есептеймін", - дейді Ғани Бейсембаев Мәжілісте.

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Досбергенқызының айтуынша, білім стандартын қайта қарау керек.

"Қазіргі таңда жоғары сыныпта 16 пән оқытылады. Оның ішінде 6 пәннен ҰБТ, 5 пәннен мектепте емтихан тапсырады. Көпшілік мектепте оқыған пәндердің мазмұны ҰБТ-да кездеспейді деп айтады. Бұл нені көрсетеді? Яғни стандартты қайта қарау керек. Менің ойымша, бала оқыған білімін өмірде қолдана алу қажет. Стандарт соған жауап беру керек", - деді депутат.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар