«Самұрық-Қазына» қоры штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

«Самұрық-Қазына» қоры штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
2gis.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ мен қор тобына кіретін компаниялар өз қызметін штаттық режимде жалғастырып жатыр. Қордың инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелері өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қордың мәліметінше, барлық міндеттемелер қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалады. Инвестициялық жобалар мен стратегиялық бағдарламалар да бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр.

«Самұрық-Қазына» қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық міндеттерін орындауды жалғастыруда. Сонымен қатар қор қазақстандық және халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеді.

Қор өз міндеттемелерінің өзгеріссіз қалатынын және барлық серіктесімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.