Ақтауда газ орнатылған көлік жарылды

Ақтауда газ орнатылған көлік жарылды
видео кадры

Ақтауда 12 қарашада Hyundai Elantra көлігі өртеніп, артынша оның газ қондырғысы жарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 27-шағынаудандағы өрт туралы хабарлама сағат 11:46-да түскен.

Көлікке көлемі 45 литрлік газ қондырғысы орнатылған. Өртсөндірушілер жеткенге дейін газ жабдығы жарылған. Өрт сағат 11:58-де толық сөндірілген. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнына ТЖД-ның алты қызметкері мен бір техникасы жіберілген.