Атасу - Алашанькоу бағытындағы мұнай экспорты 2025 жылғы көрсеткішке жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
2026 жылғы алғашқы 10 айда Атасу - Алашанькоу мұнай құбыры арқылы 9,5 миллион тоннаға жуық мұнай тасымалданған. Оның 8,4 миллион тоннасы Қазақстан арқылы транзитпен өткен.
"ҚазТрансОйл" мәліметінше, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда тасымал көлемі 297 мың тоннаға артқан. Өсімнің 240 мың тоннаға жуығы Қазақстан мұнайының экспорты есебінен қамтамасыз етілді. Экспорт 28 пайызға, транзит 1 пайызға өсті.
Қазанда осы бағытпен 112 мың тонна мұнай жөнелтілді. Осылайша, 10 айдағы экспорт көлемі 1,095 миллион тоннаға жетті. Бұл 2025 жылдағы көрсеткішпен бірдей. Ал 2024 жылы осы бағытпен шамамен 1,2 миллион тонна мұнай экспортталған.
Айта кетейік, Атасу - Алашанькоу құбыры 2006 жылы іске қосылған. Ол арқылы Қытайға Қазақстан мұнайы және Ресей мұнайы транзитпен жеткізіледі. "Роснефтьпен" жасалған келісім бойынша 2033 жылдың соңына дейін жыл сайын 10 миллион тонна ресейлік мұнай тасымалданады.