Қазақстанда бұқаралық қоғамдық шаралар өткізуге уақытша тыйым енгізілді,деп хабарлайды dalanews.kz.
13 наурыздан бастап коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде спорттық және мәдени ойын-сауыққа тыйым салынады.
Санитарлық және дезинфекциялық режимдер күшейтілді, мектеп оқушыларына экскурсия жасауға тыйым салынды.
Оқушылар мен студенттер демалысқа 16 наурыздан 5 сәуірге дейін жіберіледі.
16 наурыздан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен жоғарғы оқу орындары қашықтан оқыту түріне көшеді.
"Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ", – деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Еліміздегі жоспарланған спорттық ойындар көрерменсіз өтеді.
Сауда орталықтары қалыпты жұмыс істейді, орталықтардағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады.