Медеу ауданының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасуда

Dalanews 28 қыр. 2023 06:54 825

Биыл Алматы қаласына қарасты Медеу ауданында қашықтығы 21,8 шақырымды құрайтын 28 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Медеу ауданының тұрғындарының кездесуінде Медеу ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

– Биыл аудандағы қашықтығы 21,8 шақырымды құрайтын 28 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Сегіз көшені жөндеу жұмыстары қыркүйекте аяқталса, қалған 20 көше ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін аяқтаймыз, – деді қала әкімі өз сөзінде.


Оның айтуынша, аудан әкімдігі 2023 жылы 50 мың шаршы/метр жол жөндеу жұмыстарын жүргізгенін алға тартты. Бүгінгі таңда көлемі 48 мың шаршы/метр болатын 57 көше жөнделуде.  Жұмыс ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталмақшы.

Әкім аудан тұрғындарымен кездесуінде 24,5 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолына да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар