Маусымда Қазақстанның алтын-валюта резерві 7,69 пайызға азайды

Маусымда Қазақстанның алтын-валюта резерві 7,69 пайызға азайды
ашық дереккөз

Маусымда Қазақстанның алтын-валюта резерві мамырмен салыстырғанда 7,69 пайызға төмендеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, елдің жалпы халықаралық резерві - 62,17 млрд доллар.

Оның ішінде монетарлық алтын көлемі 47,572 млрд долларға, ал еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтер 14,597 млрд долларға дейін азайған.

Сонымен қатар, Ұлттық қордың валюталық активтері 1,36 пайызға төмендеп, 65,142 млрд доллар болды.