Матаевқа Назарбаев араша түсе ме?

Dalanews 23 ақп. 2016 03:58 912










"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы мен халықаралық қазақ ПЕН-клубы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаевтың ісіне назар аударуға шақырды.





"Әділ сөз" жетекшісі Тамара Калеева мен ПЕН-клуб жетекшісі Бигелді Ғабдуллин бірлесе жасаған үндеуде Матаевтың президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы екенін еске салып, Матаевтың өзін "қудалау себептері туралы айтқанына сенбеуге негіз жоғын" мәлімдейді

Сейітқазы Матаевты кеше Алматыда ұлттық коррупцияға қарсы іс-қимыл бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті "бюджет қаржысын жымқырды" және "салық төлеуден жалтарды" деген күдікпен ұстаған. Онымен бірге ұсталған ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев бірер сағаттан соң босатылған. ҚазТАГ агенттігі кеше таратқан Сейітқазы Матаевтың мәлімдемесінде қылмыстық қудалауға Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ орналасқан ғимаратты алу әрекеті себеп болғаны айтылады.

"Бізде президенттің бұрынғы баспасөз хатшысының сөзіне сенбеуге негіз жоқ. Өкінішке орай, құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне сенбеуге салмақты себептер бар. Соңғы жылдары олар өсек-аяңдар пайда болуына көптеген себептер тудырып, азаматтардың әділдікке, заң мен мемлекетке деген сенімін бұзды" дейді үндеу Калеева мен Ғабдуллин.

Сейітқазы Матаев 1991-1993 жылдары Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болған.











Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар