Алдын ала болжам бойынша ол қайғылы оқиға орын алған кезде қазақ қызымен бір аудиторияда болған. Бұл туралы КТК хабарлады.
Шынымен де, Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлын қайғылы оқиғаға қатысты тергегені белгіл болды. Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенсек, дәл осы жігіт студент қызды суицидке итермелеуі мүмкін.
Сол уақытта жігіт пен қыз бір-біріне дауыс көтеріп сөйлеп жатқан екен.
Осыдан кейін қазақстандыұ студент баса бастады немесе терезеден шығып кетті. Бұл іске қатысты ресейлік тергеушілер ешқандай ресми нұсқалар жарияламады.
Бірақ Томирис Байсарының өзіне қол жұмсады дегенге бойжеткеннің жақындары сенбейді.
Оқыс оқиға жұма күні Мәскеудегі ең беделді университеттердің бірінде болды.
21 жастағы қазақ қызы үлкен үзілісте төртінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалды.
Бойжеткеннің қолы, жамбас сүйегі мен қабырғалары сынып ауруханаға жеткізілді. Онда қазақ қызына төрт ота жасалып, бүйрегін алып тастады. Томиристің өкпесіне зақым келіп, өздінен дем ала алмайды. Қазір дәрігерлер қыздың өкпесін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Ол әлі де жансақтау бөлімінде.
«Томиристің жағдайы әлі ауыр. Кеше оған ота жасалғандықтан, бүгінде қан керек. Өкінішке орай, қанды тек Ресей азаматтары ғана бере алады. Оның қан тобы бірінші топқа жатады, бірақ оған кез-келген қан қажет»-дейді Томирис Байсафының анасының құрбысы Әйгерім Әшімова.