Мәсімовтің зәулім сарайы мекемеге айналады

Сағыныш Сардарова 06 мам. 2025 17:50 310

Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайы Астана әкімдігінің меншігіне өтіп, білім мекемесіне айналады. Бұл туралы Kursiv.Media-ға Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания мәлімдеген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үй мен жер телімі Астана әкімдігінің білім басқармасына тегін беріледі.

"Мүлікті Астана әкімдігі аппаратының жееткшісі ресми өтінішпен сұратты. Онда "Астана қалалық білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің хаты бар. Өтініште нысанды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру мақсатында пайдалану қажеттігі айтылған", - деп жауап берді қайтқан активтерді басқаратын компания.

Құжаттарды рәсімдеумен Астана әкімдігі айналысып жатыр. Басқа да мемлекеттік мекемелерден немесе ұйымдардан зәулім үйге сұраныс түспеген.

Осылайша Мәсімовтің қымбат жер телімі Астананың коммуналдық меншігіне айналады, дегенмен ішіндегі мүлкі сатылады.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі әлеуметтік қажеттілікке байланысты аукционнан алынып тасталды. 

Ал оған дейін тиісті лот Е-Qazyna электрон сауда алаңының сайтында жарияланған еді. Жертөлесі бар тұрғын үй елорданың Нұра ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 2877,7 шаршы метр болатын екі қабатты үй.

Үйге әртүрлі аумақтағы бірнеше жер учаскесі кіреді, олардың бірінде гараж орналасқан. Үй 879 дана мүлікпен бірге сатылатыны айтылды. Олардың арасында жиһаз, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, коллекциялық монеталар, кәдесый ретіндегі қарулар бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар