Марқұм Дулат Ағаділдің баласын өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Dalanews 12 қар. 2020 07:46 870

Кәмелетке толмаған Жанболат Ағаділді ұрып-соғып, өлтірді деген күдіктілер қамауға алынды, деп мәлімдеді брифингте тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов, деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.

- Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан үшеу, оның ішінде адам өлтірді деген күдікке ілінгендер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің кінәсі жинақталған дәлелдемелермен дәлелденеді, Ағаділді ұрып-соғып, өлтірді деген күдіктілер аса ауыр қылмыс жасаған деп айыпталады. Тергеу барысы бақылауда, нәтижелері туралы қосымша хабарланады, - деді Әділов.

10 қарашада сағат 22.56-да 102 шұғыл байланыс желісіне Көктал ықшамауданының Болашақ көшесінде болып жатқан жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жастар арасында өзара жанжал болып, оның арты төбелеске ұласқандығын анықтады. Нәтижесінде екі адам жарақат алды. Олардың бірі - 17 жастағы Ж.Ағаділовке пышақ салынған, ол жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар