Мақтаарал ауданының ауыл шаруашылығын дамытудағы бес бағыты

Dalanews 05 қар. 2018 05:11 855

Жеке алдына аудан болып бөлініп шыққан Мақтаарал ауданының бүгінде ауыл шаруашылығын дамытудың маңызы зор. Жергілікті билік орындары аудан көлемендегі ауыл шаруашылығы саласын 5 бағытқа бөліп, қызу жұмыс істеп жатыр.

Бірінші – ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілерді қолжетімді несиемен қамтамасыз ету. Екінші – ауыл шаруашылығы кооперативтері мен машина-трактор стансасы жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру. Үшінші – суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, су жүйелерінің су өткізгіштік қабілетін жақсарту. Оның ішінде даму банктерінің қаржылары мен жеке инвесторларды пайдаланып, ирригациялық жүйелерді қайта құра отырып, суармалы алқаптарды ағын сумен қамтамасыз ету көзделуде. Төртінші – ауданда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрып, модульді сүт қабылдау бекеттерін, мал бордақылау алаңдарын ашу. Бесінші – алдағы жылдары ауыл шаруашылығы тауарларын шаруалардан арзан бағада сатып алып, сақтау үшін қойма салу әрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өзге аудандар мен облыстарға тасымалдау арқылы саудалау.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар