Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды
Ашық дереккөз.

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы журналист, Алматы облысының баспасөз хатшысы Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның жазуынша, экс-мәжілісмен енді Алматы облысының дамуына атсалысады. Мақсат Толықбай депутат болып жүрген кезінде де өңір туралы жиі айтып, облыстың мәселелерін көтеріп жүрген.

«Мақсат Мәлікұлына сәттілік! Алматы облысындағы қызметі абыройлы болсын!» – деп жазды Диас Нұрақын.

Мақсат Толықбай 2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.