Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі парақшасын сатып, ақшаны Қытайда ота жасатуға мұқтаж қызға берді

Dalanews 18 жел. 2016 08:23 894

Мақпал Исабекова Instagram желісіндегі өзінің аккаунтын бір жарым миллион теңгеге сатып жіберіп, қаражатты ауырып жатқан қыздың еміне жұмсайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл тураcындағы мәлімет оның сатылып кеткен парақшасында жариялады.

Исабекова әлеуметтік желідегі жеке аккауынтын сату туралы ойын бірнеше күн бұрын айтқан. Әншінің айтуынша, оған бұл ой жазылушылардың саны бір миллионға жеткен кезде келген.

– Ең қарапайым күннің ең қарапайым кеші болатын. Бұл күннің басты жаңалығы менің Инстаграм желісіндегі жазылушыларымның саны 1 миллионға жетуі. Мен былай ойладым: әрине қызықты, миллион, өзімнің миллион жинаған әріптестерімнің қатарына қосылдым... Сонымен? Ары қарай? Маңызы қаншалықты? (Кез келген заттың мәні болуы тиіс, мен барлық жерден осыны іздеп жүремін) Сол кезде мен ойладым... Мен өзіме кей кездері қасірет алып келген, ал көп жағдайда қуаныш алып келген, яғни сіздердің жылы лебіздеріңізге бөлеген осы Инстаграм біреуге пайда алып келуі тиіс. Бұл ой жоқ жерден шықты, – деп жазды ол.

Ол өзіне жазылушылардан арам ойға кетпей, жақсы пікірде болуын сұрады. Сонымен қатар, ол сатылымға қойылғаннан кейін 10 сағаттан соң оның аккауынтын сатып алушы табылғанын хабарлады.

Әнші бір жарым миллион теңгені Әсел есімде қызға береді. Қыз қазіргі уақытта Қытайда, ота жасататын күнді күтіп жатыр екен. "Барлығы жақсы болады, оған сенемін, Ин Ша Аллах. Асель, тезірек жазылыңыз, жақындарыңыз бен туыстарыңызға оралыңыз. Instagram желісіндегі парақшамды Астанадан бір қыз сатып алды", - деді Исабекова.

Айта кетейік, әнші жаңа аккаунт ашып үлгерді, ол жаңа жылдан кейін жаңа жазбалар салып тұратынын айтты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар