Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бітіруші түлектерге оқу орнына тиесілі мантияларды жалға алуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Түлектердің айтуынша, олар мантияны алдын ала өздері таңдап қойғанымен, университет тек өз тарапынан ұсынылатын мантияны киюді талап еткен. Оның үстіне, бұл мантиялар тегін емес – жалдау құны 2000 теңгені құрайды.
Желіде тараған ақпаратқа қатысты университеттің баспасөз қызметі Stan.kz агенттігіне пікір білдірді.
"Университет жыл сайын түлектерге арналған академиялық мантияларды таратады. Биыл жаңа мантиялар алынды, олардың жалдау құны – 2000 теңге. Мантияны жалға беруден түскен қаражат олардың химиялық тазалауына және үтіктелуіне жұмсалады. Сонымен қатар түлектер мантияны басқа жерден таңдап, жалға алуға құқылы”, – делінген хабарламада.