"Маньяк жүр дейді". Кентау полициясы жұртты дүрліктірген ақпаратқа жауап берді

"Маньяк жүр дейді". Кентау полициясы жұртты дүрліктірген ақпаратқа жауап берді
ІІМ кадры

Кентауда тұрғындарды дүрліктірген хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кентауда полицияға Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам сүйегі табылғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы бірден шыққан.

"Полиция аумақты, соның ішінде қоқыс жәшіктерін тексерді. Ақпарат расталған жоқ. Қазір хабарламаның шыққан көзі және оның таралу жолдары анықталып жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Тексеріс нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.