Маңғыстау облысындағы жағаұстатар жағдай: жасөспірім қыздар қатарласын аяусыз соққыға жыққан

Маңғыстау облысындағы жағаұстатар жағдай: жасөспірім қыздар қатарласын аяусыз соққыға жыққан
Фото: Криминальный Казахстан

Маңғыстау облысында бір топ жасөспірім кәмелетке толмаған қызды аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан бірнеше қыздың қатарласын қоршап алып, ұрып-соққанын көруге болады.

Полиция жанжалға қатысқан жасөспірімдердің барлығын анықтап, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді. Олардан түсініктеме алынып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаның мән-жайы жан-жақты тексеріліп, қажетті материалдар жиналған.

"Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа, сондай-ақ тиісті шаралар қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды", - деп хабарлады полиция.

Төбелеске қатысқан жасөспірім қыздардың барлығы профилактикалық есепке қойылды.