Полковник Мұрат Мұханов Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген. 2020 жылы Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және апаттардың салдарын жою министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін бітірген.
Еңбек жолын Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде инженер болып бастаған.