Маңғыстау облысында қар еріп, тұрғын үйлерді су басты

Қаракөз Амантай 26 қаң. 2026 09:27

2026 жылдың басынан бері үйлерін су басқан Мұнайлы ауданының тұрғындары әкімдікке жүзге жуық өтініш түсірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Lada.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, су тұрғын үйлердің ауласы мен үй маңында жиналған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда тұрғын үйлерге елеулі материалдық залал келтірілгені тіркелмеген.

25 қаңтардағы жағдай бойынша, Қызғалдақ көшесінде орналасқан 6 тұрғын үйді су басқаны, сондай-ақ ауылдық округтегі 75 үйдің аула аумағында су жиналғаны анықталған.

Мұнайлы ауданының әкімдігі оқиға орындарында су айдау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта насостар мен дренаж жүйелері арқылы суды шығару жұмыстары атқарылып, су тасқыны салдарын жою шаралары жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove