Мамандығы бойынша жұмыс істемеген түлек грант қаржысын қайтаруға міндеттелді

Қаракөз Амантай 24 ақп. 2026 17:53

Жамбыл облысында сот білім басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, жергілікті грант иегерін 1,7 млн теңгені мемлекетке қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түлек "География" мамандығы бойынша оқу бітіргеннен кейін міндеттелген үш жылдық жұмысты өтеуден бас тартқан.

Іс материалдарына сәйкес, студенттің оқуына (шәкіртақымен бірге) жалпы 4,6 млн теңге жұмсалған. Алайда талап қоюшы тарап тек оқу құнын - 1,7 млн теңгені өндіруді сұраған.

Түлек қарызын мойындап, қаражатты кезең-кезеңімен төлеуге мүмкіндік беруді өтінген. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove