Қазір ауылдағы ағайынның мал бордақылап сату үйреншікті шаруасы десек болады. Жеті атасынан дейін мал баққан қазақ үшін мал шаруашылығы ата кәсіп. Десек те, қазіргі таңда мал бордақылау ісін заман талабына сай жүргізсек, одан мол пайда табуға болады. Бұл бағытта асыл тұқымды, еті әлемдік нарықта сұранысқа ие ірі қараларды бордақылау етін саудаға шығарудың маңызы зор. Сондықтан біздің шаруалар мал бордақылап, ет өндіру ісіне жаңаша көзақараспен қарауы керек.
Елімізде мал бордақылау дамып келеді. 2022 жылғы мәліметке назар аударатын болсақ, мемлекет аумағында ірілі-ұсақты 594 бордақылау алаңы жұмыс істейтінін байқаймыз. Олардың өндірістік қуаты 50-ден 20 мың басқа дейін мал бордақылауға қауқарлы. Анығында мал бордақылау алаңдары әлі де ұсақ. Егер ет экспортында бәсімізді арттырамыз десек, орташа мал бордақылау алаңдарын көптеп салуымыз керек. Мұндай шаруашылықтарды бақылап, оған заманауи технологияларды енгізу өте қолайлы.
Мал бордақылау алаңдарының дамуы ет өндірісінің сапасы мен көлемін арттыруға ықпал ететіні сөзсөз. Бүгінде Түркістан облысының Ордабасы ауданында 28 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау кешені жұмыс істеп тұр. Бұл кешен биыл іске қосылып, жылына 40 мың бас ірі қара малды бордақылап, 9,5 мың тонна таза ет өндіруді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта әр облыста осында іргелі шаруашылықтардың санын арттыруымыз керек.
Осы ретте мал бордақылау ісімен айналысып жүрген шаруаларға мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетіліп жатқанына аз-кем тоқталсақ. Бүгінде мал бордақылау ісіне мемлекет тарапынан субсидиялар мен несиелер тұрақты түрде беріліп келеді. Айталық, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін шаруашылықтарға несие беру ісін жалғастырып, оның пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекет субсидиялайды.
Мысалы, Талдықорған қаласының маңындағы шаруашылық қожалығы 230 млн теңге несие алып, 852 бас ірі қара сатып алған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сонымен қатар, ұсақ малды бордақылау кешендерінің типтік жобалары әзірленуде. «Шопан ата» Қазақстанның Ұлттық қой өсірушілер ассоциациясы ұсақ малды бордақылау кешендерінің типтік жобасын дайындауды жоспарлап отыр. Бұл жобалар инвесторлар мен шаруашылықтарға дайын сызбаларды қолдануға мүмкіндік береді.
Жалпы, Қазақстанда мал бордақылау саласы мемлекеттік қолдау мен жеке бастамалардың арқасында тұрақты дамып, ет өндірісінің сапасы мен көлемін арттыруға бағытталған.