Жиынға, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, ауданның әр сала бойынша тиісті мекеме басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші болып, Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұмабай Абдиев, Елбасы Жолдауын насихаттау, ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық достықты нығайту, жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін жүзеге асыру бағыттары бойынша 2018 жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында атқарған жұмысы туралы баяндады.
Екінші болып сөз алған Көксәйек ауылдық округінің әкімі Айтжан Қабылбеков, Көксәйек ауылдық округінде ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық-әлеуметтік салалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Сейдуалы Кұлманов, аудан әкімдігі жанындағы құрылған кеңестер, комиссиялар, штаб және жұмысшы топтардың атқарып жатқан жұмыстары бойынша өз баяндамасын жасады.
Баяндамалар барысында аудан әкімі Бауыржан Омарбеков тиісті мекеме басшылары мен қала ауылдық әкімдеріне сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша және ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін көтеруге қатысты нақты тапсырмаларын берді.
Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі