Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи футболшы Шерхан Қалмырзаның анасына сүйсініп жазба қалдырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Пәлі, мамасының өзін ұзатып жіберетіндей екен, ә?!" - деп жазған депутат желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары "Сізден депутат мырза мұндай жазбаны көру ерсі екен...", "Елімізде күннен-күнге бензин бағасы өсіп барады. Қымбатшылық халықты қысып барады. Мәселе көтерудің орнына өзіңіз Шерханның мамасын жазып отырсыз. Әлде бізде басқа проблема қалмады ма? Бапи мырза!" - деп сынады.
Ал депутаттың өзі пікірде "Несі ерсі?! Біз де ет пен теріден жаралған пендеміз!" деген жауап қалдырыпты.
Dalanews.kz депутаттың өзімен хабарласуға тырысты, алайда Ермұрат Бапи бұл жазбасына қатысты пікір білдірмеді.
Еске салайық, бұған дейін Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмырзаның сейвін Чемпиондар лигасының ойын күніндегі үздіктердің бірі деп атады.
Ал кеше Алматыда "Қайрат" пен "Реалдың" тарихи матчі өтті. Алматылық клуб қақпасына жауапсыз бес гол соғылды.
Ойын Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясында өтті. Алғашқы минуттардан бастап алаңға қос команданың басты жұлдыздары – Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Дастан Сәтпаев және Шерхан Қалмырза шықты.