Freedom Inside '26

Мәйіттерді шошқаға жегізген: Адам шошырлық әрекетке барған азамат 20 жылға сотталды

Мәйіттерді шошқаға жегізген: Адам шошырлық әрекетке барған азамат 20 жылға сотталды
pixabay.com

Ресейдің Березки ауылының мәйіттерді шошқаға жегізген фермері 2011 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысы үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады dalanews.kz.

2011 жылдың желтоқсанында 63 жастағы ер адам атқарылған жұмысқа ақы төлеу мәселесіне байланысты жәбірленушімен жанжалдасып қалған. Кейін ол ер адамды денесінің әр жерінен бірнеше рет ұрып, өміріне қауіпті ауыр жарақаттар салған.

Жәбірленуші алған жарақаттарынан көз жұмған. Қылмыс ізін жасыру үшін сотталушы оның денесін өз үйінің аумағына көміп тастаған.

Арнайы тергеу іс-шараларының, соның ішінде жасырын агенттің қатысуымен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жәбірленушінің сүйегі 2026 жылдың қаңтарында табылып, жерден шығарылды.

Прокурорлар айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Толық үкім зерделенгеннен кейін оны апелляцияға беру мәселесі қаралады.