Маған табынбаңдар!

Dalanews 28 жел. 2016 06:21 701

Куба парламенті күні кеше өмірден өткен көсемі Фидель Кастроға табынуды дұрыс емес тапты. Көшелер мен елдегі басқа да нысандарды оның атымен атауға, сонымен қатар марапат пен атақ-дәрежелерге ол кісінің атын беруге тыйым салынды.

Куба президенті Рауль Кастро ағасының адамға табынуға көзі тірі кезінде қарсылық танытқанын және мұндай заң қабылдауға Фидель Кастроның өзі мүдделі болғанын айтты.

Фидель Кастро 91-ге қараған шағында 2016 жылдың 26 қарашасында қайтыс болды. 

Кастро Кубаны ширек ғасырға жуық биледі. Ал 2008 жылы билікті інісі Раульдің қолына тапсырды. 

Дереккөз: bbc


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар