МАЭК-тегі энергоблогты қалпына келтіру жұмыстары тәулік тойы жүруде

Dalanews 16 там. 2023 07:14 769

Маңғыстау облысындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өңір тұрғындарына МАЭК-тегі энергоблогтың тоқтау себептерін жою бағытындағы жұмыстары мен үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету жұмыстарын бақылауда ұстап, хабарлап келеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде жөндеу жұмыстары ЖЭС және №1, №3 энергоблоктарында жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта «Кернеу» ЖШС тәулік бойы жаңа оқшаулау қабатын қалпына келтірумен айналысуда.

MAЭК мамандары ротордың оқшаулау кедергісін өлшеп, содан кейін жабдықты кері жинау жұмысын жүргізеді. Оқшаулау сәтті жүзеге асқан соң, №3 энергоблок генераторының щетка-түйіспелі аппараты орнатылатын болады.

№1 энергияблогынының оң жақ тұзды бөлігінде экрандық құбырлары орнатылған және қазіргі қалған экрандық құбырларға кірістірулер дәнекерленген.

Барлық монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін дәнекерленген буындардың металына тексеріс жүргізу жоспарлануда, содан кейін гидравликалық сынақтар жүргізіледі.


– Қазіргі уақытта ЖЭС агрегациясынан кейін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы сәтте № 1 агрегаттан кейін оң жақ тұзды бөлік бойынша құбырлар ауыстырылуда. Жөндеу зауытында жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде, – деді ЖЭС ауысым бастығы Сәкен Заманов.

Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда 142 МВт жүктемесі бар №3 ЖЭС-те энергия блогы өшкен болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=9HQpmUio65A

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар