Мәдениет министрлігі жемқорлық ошағына айналған ба? (видео)

Dalanews 14 шіл. 2016 08:45 664



Анимациялық кино қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев режиссер Талғат Жәнібековті қолдайтынын айтып, Қазақстан киноиндустриясындағы жемқорлық жайында айтып берді. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазып отыр.




Естеріңізге салайық, кеше режиссер Жәнібеков Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын «откат» талап етті деп айыптаған болатын.

[caption id="attachment_17480" align="alignright" width="448"]7fad2ab865192eda786ca81927105764-mtrxyo3dh8wtv7415vlh2epyv9oxxb3s6ic0ibnpca Ғали Мырзашев[/caption]

«Қазақфильм» Мәдениет және спорт министрлігі атынан қаражатты кімге беру керек екенін шешетін мекеме. Бұл бұрыннан қалыптасқан жүйе. Мәселен, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 2 миллион долларды шымкенттік анимациялық студияға бере салды. Менің шымкенттіктерге ешқандай қарсылығым жоқ. Бірақ, ол жақта арнайы білімі бар маман жоқ, мектеп қалыптаспаған. Өздігімен үйреніп алған мамандар жұмыс істейді. Байқау неге жүргізілмеді? Ұсыныстар қайда? Тіпті, «Көшпенділерді» түсіретін кезде де режиссер Тимур Бекмамбетов өз трейлерін ұсынған көрінеді. Бірақ, оны тыңдар құлақ болмаған»,— дейді Ғ.Мырзашев.

Кино маманының айтуынша, мұндай жемқорлық жүйемен ол жиі бетпе-бет келеді екен. Қазір Мырзашев қазақстандық мультфильмдерді халықаралық деңгейге алып шығумен айналысып келеді.

«Мен мемлекеттің қолдауына мұқтаж емеспін. Өйткені, коррупция біздің жобаларды өлтіріп бітеді. Мен сарапшылар кеңесінің құрамында болғанмын. Сарапшылар кеңесі бола тұра, оның пікіріне құлақ аспаса – жемқорлық деген осы»,— деп атап өтті Ғали Мырзашев.

Ол өзінің әріптесі, режиссер Талғат Жәнібековті қолдайтынын, министрліктегі жемқорлық туралы айтқан пікіріне қосылатынын жеткізді.

«Жемқорлықтың да түр-түрі болады. Талғат өзінің нұсқасын айтты. Мен, өкінішке қарай, «Қазақфильмнен» үлкен жобалар алып істеп көрмеппін. Сондықтан, мен оны қолдаймын. Егер режиссер мәселені көтерсе, біз әрі қарай жалғауымыз керек. Жер реформасындағыдай кинематография саласы бойынша комиссия құрып, жұмыс істеу керек, халық бәрін ашық білуі тиіс»,— деп сөзін түйді қауымдастық президенті.

Естеріңізге салайық, режиссер Талғат Жәнібеков өзінің «Феникс» фильмін түсіруге Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының кедергі келтіргенін айтқан болатын. Сондай-ақ, ол «Қазақфильм» АҚ-ның вице-президенті Серік Жұбандықовты жемқор деп айыптады.

https://www.youtube.com/watch?v=kB6_Teph_rU

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар