Лукашенко резиденциясына автоматпен келді. Ғимарат алдында халық қаптап тұр

Dalanews 23 там. 2020 17:20 898

Белоруссия президенті Александр Лукашенко ресми резиденциясына мұздай қаруланып келді деп хабарлайды Dalanews.kz  «Пул первого» телеграм-арнасына сілтеме жасап. 




Үстінде оқ өткізбейтін күртеше, қолына "калашниковты" қапсыра ұстаған Лукашенко тікұшақтан түсе сала төңірегін шолып шықты.

Артынша жанындағы көмекшілерінен "арғы жақта ешкім қалмады ма?" деп анықтап алды да, ішке еніп кетті.

Лукашенконың тап тұмсығының алдында наразылық танытқан ел топтаса бастаған. Әскерилер ғимаратқа тақау келген жұрттың жолын бөгеген. "Президентке бағынышты күш құрылымдары: омон мен арнайы техника, оның ішінде су атқыштардан аяқ алып жүре алмайсыз", – дейді оқиға орнынан хабар таратып жатқан журналистер.

Белоруссиядағы президент сайлауы әділетсіз өтті деп санайтын жүздеген, мыңдаған адам Лукашенконың кетуін талап етуде. Митингілер 23 тамыздан бері толастар емес. Tut.by дерегінше бүгін Тәуелсіздік алаңында жиналған беларусьтердің саны 100 мыңнан асып жығылды.

"Қылмыскер!", "Масқара!", "Сенің орның түрме!", "Кет!" дейді ашынған халық Лукашенкоға қарата.

[video width="480" height="848" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2020/08/VID_20200823_224852_725.mp4"][/video]

[video width="720" height="1280" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2020/08/VID_20200823_230257_844.mp4"][/video]

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар