Лукашенко Ресеймен ортақ валюта құруға келісті

Dalanews 01 нау. 2019 14:57 762

Лукашенко Ресеймен арада ортақ валюта енгізуді және ортақ эмиссиялық (құнды қағаздар) орталық құруды қолдайтынын мәлім етті. 

"Мәскеу сөйлеп тұр" радиосының тілшісі Владимир Мамонтовтың сауалына жауап берген Лукашенко екі елдің арасында Ортақ одақ құру мәселесі қызу талқыланып жатқанын және осының негізінде ортақ валюта енгізілсе қарсы болмайтынын ашып айтты. 

"Қазір бізге ортақ валюта енгізу туралы ұсыныс түсіп жатыр. Біз мұны қолдаймыз! Және бұл валюта – рубль болады", – деді Беларусь президенті. 


– Бірақ, – деді осы арада Лукашенко. Бұл валюта Ресей рубліне де, Беларусь рубліне де қатысы болмайды. Валютаның аты – рубль деп аталуы керек. Бұдан бөлек эмиссиялық орталықтың қайда орналасарын анықтап алғанымыз жөн.

Беларусь президентінің айтуынша бұл орталықты Минскіге немесе Смоленскіге, тіпті болмаса қазіргі Ресей президентінің туған жері – Санкт Петерборға да орналастыруға болады.

Дәл қазір Лукашенко Минскіде журналистермен жүздесіп жатыр.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар