Литва Қазақстанда тұруға ықтиярхат алуға өтініш қабылдайтын орталықты жабады

Литва Қазақстанда тұруға ықтиярхат алуға өтініш қабылдайтын орталықты жабады
ЖИ: Dalanews.kz

Литва Қазақстандағы тұруға ықтиярхат алуға өтініш қабылдайтын сыртқы қызмет көрсетуші бөлімшенің жұмысын тоқтатады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Мартинас Кателинас мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, мұндай бөлімшелер Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан және Босния мен Герцеговинада да жабылады. Алайда олардың нақты қашан жабылатыны және ықтиярхат рәсімдеудің жаңа тәртібі әзірге нақтыланбаған.

Кателинас шешім қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау нәтижесінде қабылданғанын айтты. Оның сөзінше, Литваның арнайы қызметтері Орталық Азиядан шыққан кейбір азаматтардың радикалды көзқарастары немесе терроризммен байланыстары болуы мүмкін деген деректер анықтаған.

Сонымен қатар бұл шешім тек Литвада тұруға ықтиярхат алуға арналған өтініштерді қабылдайтын бөлімшелерге қатысты. Ал шенген визаларын рәсімдеуге өтініш қабылдау тоқтатылатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.